• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Ғылым Бүгін, 08:33

Прототип жасауға арналған экожүйе

50 рет
көрсетілді

Қ.Сәтбаев университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында аталған оқу орнында жоғары технологиялық «FabLab SU» орталығы ашылды. Зертханада студенттер, ғалымдар мен тәжірибелі инженерлер заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, озық идеяларын жүзеге асырады.

Жаңа зертхана 3D принтерлермен, сандық бағдарламалық бас­­­қа­ру станоктары, жоба­лау мен мо­дель жасауға арнал­ған бағ­­дар­ламалармен қамта­масыз етіл­ген. Массачусетс технология­лық институтының стандартта­рына негізделіп жасалған жа­һандық «FabLab» зертханалар қауым­дастығының бір бөлшегі саналады. Бұл қауымдастық дү­ние­­жүзінде 2 мыңнан астам ин­новациялық орталықты бірік­тіреді. Танымалдылығы жоғары ұйымға кіру туралы келісімге Сәт­баев университеті делегация­сы MIT университетіне жасаған сапары барысында қол жеткізді.

Зертхананың ашылу салтанатына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, университеттерді тек мемлекет қар­жысына ғана емес, сондай-ақ бизнес есебінен де қолдау көрсе­тіп, түрлендіру қажеттігін жеткізді.

– Елімізде қаржыландыру­дың 80 пайыздан астамы мемлекет есебінен, яғни министрлік бюджеті, гранттық және мақсаттық бағдарламалар тарапынан жүзеге асып келеді. Мысалы, Америка елінде бұл бағыттың 70 пайыздан астамы жекеменшік корпорациялар есебінен қаржыландырылады. Егер де бұрын жабық ғылыми зерттеу институттарына көбірек көңіл бөлінген болса, қазір әлемдік тәжірибеге сәйкес университеттер ғылыми ой-пікірдің орталығына ай­налып отыр, – деді министр.

«MIT FabLab» зертханасы­ның басшысы Руслан Мұқанов­тың айтуынша, студенттер мұнда жобалар әзірлеумен ғана емес, қосымша біліктілікті, яғни цифр­лық жобалаушы-инженер, реверс-инженер және сандық бағ­дарламалық басқару станокта­ры операторы кәсіби біліктілігін қатар меңгереді. Зертхана оқу-жаттығуға қажет­ті барлық құрал-жабдықпен қамтылған.

«Fab Labs» зертханалары көбі­не жобалау және практика­лық Stem-білім беру платфор­масы ретінде жиі пайдаланылады. Желі бүкіл әлемде инже­нер­­­лер мен өнертапқыштар ара­сын­да өзара білім алмасуды қол­дау арқылы инклюзивті да­муға ықпал етеді. Студенттер өзде­рін қызықтыра­тын идеядан бас­тап, іске асыруға дейінг­і бар­лық өн­дірістік циклды іске асы­рады.

Қ.Сәтбаев университетінің рек­торы Мейрам Бегентаев MIT-пен арадағы ынтымақтастық «зерт­теу жүргізе отырып оқыту» қа­ғи­датын толықтай жүзеге асы­руға ықпал ететінін атап өтті. Ал тұ­рақты болашақты қамтамасыз ету үшін зерттеушілер мен өнер­тапқыштардың күш-жіге­рін біріктіру нәтижесінде студент­тер­дің іс-тәжірибедегі заманауи дағдылары қалыптасады.

Зертхананың ашылуына Қазақ­­станда бірегей техника­лық ке­ңіс­тік құрған «Lenovo», «Kaz­TechInnovations», «Best Vision Technologies» секілді көпте­ген же­текші компания атсалысты. Оған еліміздегі ең ірі 3D-принтері, үш өлшемді сканер жа­сауға арналған жабдық, прото­тип жасауға арналған то­лық технологиялық желі және «Dmg mori» компаниясының өң­деу ор­талығы орнатылған. Осы­ның барлығы зертхананы тек оқу мақсатында ғана емес, нақ­ты өндірістік тапсырмалар мен ком­мерциялық жобаларды іске асы­ру мақсатында қолдануды мақ­сат етеді. Сондай-ақ бұл зертхана шетелдік университеттер зертханаларымен ықпалдастығы аясында қол жеткізген білім, ин­но­вациялық жетістіктерімен алмасуға мүмкіндік береді.

Қ.Сәтбаев университетіндегі «FabLab» зертханасының келем деушілерге есігі әр кез ашық. Елі­міздегі дарынды жас инженер­лерге зертханада жұмыс істеуге мүм­кіндік көп. Осыған байланысты «FabLab» алаңында оқушыларды оқыту мақсатында Алматы мектеп­терімен келісім жасалды.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар