Спорт • Кеше

Дзюдодан ұлттық құраманың дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Даңқты италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Эцио Гамба бастаған команда дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасымен ынтымақтастықты бастады. Бұл ынтымақтастық аясында халықаралық аренада өзінің тиімділігін дәлелдеген жаңа дайындық әдістемесі енгізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдодан ұлттық құраманың дайындығына жаңа әдістеме енгізіледі

Гамбаның жетекшілігімен Италия құрамасы 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында 1 алтын, 3 қола медаль жеңіп алса, ал Ресей құрамасын жаттықтырған кезінде Лондон Олимпиадасында оның шәкірттері 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншілеген.

Айта кету керек, екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Роберт Мшвидобадзе, Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Батрадз Кайтмазов және жапониялық тәжірибелі маман Цунода Цуёси бастаған Гамбаның командасы ұлттық құраманың жаттығу үдерісіне жан-жақты қолдау көрсетуде. Олардың тәжірибесі мен инновациялық тәсілдері отандық дзюдоны жаңа жетістіктерге жеткізудің қуатты құралы болмақ.