Елорданың Алматы ауданындағы Анатолий Храпатый көшесінде көлік өртенген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті тез арада сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын Астанада Қабанбай батыр даңғылы ауданында жолаушылар автобусы өртенген еді. Оқиға орнынан түсірілген кадрларға қарағанда, көлік толығымен жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.