• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2015

Ақпараттар ағыны

258 рет
көрсетілді

*«ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін қаржы­лан­дыру көлемін сақтап қалады. Оның жалпы сомасы 200 млрд. теңгеден асады. Ауыл шаруашылығы министрі Асыл­жан Мамытбековтің сөзіне қара­ғанда, «Агробизнес-2020» бағ­дар­­ламасы аясында пайыздық мөл­шер­лемені субсидиялау агро­­өнеркәсіптік кешенді дамы­­туға бағытталған бюджет шығын­дарының тиімділігін арттырады. *Еліміздегі көктемгі дала жұмыстары үшін 60 млрд. теңге бөлінеді. Бұл – былтырғы жыл­ғыдан 20 млрд. теңге артық. Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Сапархан Омаровтың айтуын­ша, шаруаларды қаржы­ландыру үшін бюджеттік несие бөлу ісі де жоспарланып отыр. *Әуежайлардың инфра­құ­рылымын дамытуға 100 млрд. теңге инвестиция тартылады. Airoport Management Group ЖШС бас директоры Клод Банан Астанадағы халықаралық әуежайда жаңа жолаушылар терминалы салынатынын мәлімдеді. Айта кетейік, AMG компаниясы әуе­жайларды оңтайландыру және әуе активтерін басқару мақсатында қызмет көрсетеді. *Астана – медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы жетекші қалалардың бірі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабар­ла­ғанындай, 2011-2014 жылдары аралығында елордадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында және Ұлттық ғылыми медициналық орталықта әлемнің 30-дан астам елінің 4 799 азаматына дәрігерлік көмек көрсетілген. *Оңтүстік Қазақстанда баламалы энергетика бойынша 28 жоба іске асырылып жатыр. Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, был­тыр өңірде баламалы энергия көздері бағытында жалпы қуат­тылығы 753 мВт болатын 3 жоба қатарға қосылған. Сондай-ақ, ай­мақта білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, көлік және экология салаларын қамтитын 21 инновациялық жоба қолға алынып отыр. *Қызылордада балық шаруашылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аймақта соңғы жылдары балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді. Мәселен, 2014 жылы құны 3,1 млн. АҚШ дол­лары болатын 500 тоннадан астам балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия және Германия мемлекеттеріне жөнелтілді. *Ақмола өңірінде өткен жылы 295,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, былтыр аймақ экономикасының дамуына 181,1 млрд. теңге инвес­тиция тартылған. *Атырау облысының дамуына «Теңізшевройл» ЖШС зор үлесін қосып келеді. Құ­рылымның бас директоры Тим Мил­лер бүгінге дейін өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асы­руға компания тарапынан 930 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция салынғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол жергілікті халықпен жемісті ынтымақтастық арқасында осы көрсеткіштің әлі де өсе түсетініне сенім білдірді. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнаcының деректері бойынша дайындалды.