ПД мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен 17:15-те Бөрлі ауданында болды.
«Бөрлі-Ақсай-Жымпиты автожолының 7-шақырымында «Nissan Murano» автокөлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып қалған. Жүргізуші мен автокөлікте отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды», делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.