• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Жастар Кеше

Жұмысшы мамандар слеті

42 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірдің өндірістегі жұмысшы жастары арнайы слетте бас қосты. Іс-шара Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Алматы студенттер альянсы» КҚ «Active youth» жобасы аясында ұйымдастырылған. Мақсат – өңірдегі жұмысшы жастардың еңбегін бағалау, оларға қолдау көрсету және кәсіби дамуына ықпал ету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, өндіріс, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс­шы­ мамандықтарды қолдау қа­жеттігін айтты. Бұл қадам жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, елдің эко­номикалық тұрақтылығын нығайтуды көздейді. Осы мақ­сатта өткізілген жиынға өңір­­­дегі өндірістік, көлік-логис­тикалық, мұнай-газ ком­па­нияларының 100-ге жуық қыз­меткері, бизнесмендер, ұлттық компаниялар мен кәсіподақтар өкілдері қатысты.

«Жастар – мемлекеттің қоз­ғаушы күші. Демек оларға әрдайым қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру маңызды. Мұнайлы өңірде мәдени, спорттық, интеллектуалдық жиындарға белсенді қатысып жүрген, жасы 35-ке дейінгі отандастарымыз аз емес. Тіпті кешегі көктемгі су тасқыны кезінде де әскерилермен бірге еріктілер сапын толтырып, игі істен қалыс қалмады. Бұған алғысымыз шексіз», деді ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әлішер Жанғалиев.

Слет аясында өндіріс саласында табысқа жеткен жандармен және компания басшылары­мен мотивациялық кездесу өтті. Жас­тар өзекті тақырыптар төңі­ре­гін­де пікір алмасып, жеке бас­тамаларын жүзеге асы­руға қа­жетті ақпарат алды. Соны­мен қа­тар қатысушыларға ар­нал­ған стра­тегиялық сессия ұйым­дас­ты­рылды.

«Елде жұмысшы маман­дық­тарына тапшылық өте жоғары. Оған жастардың басым бөлігі қы­зы­ғушылық танытпайды. Күні кеше ғана Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі 2030 жылға қарай 400 мыңнан аса жұ­мысшы маман қажет бо­ла­ды деген статистикалық есеп­ті жариялады. Сондықтан өнді­ріс­тегі компания өкілдері мұн­дай кездесулерге қатысып, жас буын­­­мен танысып, сөйлесу ар­қы­­­­лы олардың сұранысын біле ала­­ды», деді қатысушы Наиль Хакимов.