• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 08:43

Тәжірибенің ұтымды тұсы көп

14 рет
көрсетілді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Министр техникалық және кәсіби білім саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибелермен танысып, қытайлық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізді. Осы арқылы Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіби білім саласында ынтымақтастық артпақ.

Министрліктің таратқан ақ­па­­ратына сүйенсек, Аталған іс­сапар Қазақстан Премьер-ми­нистрі­­нің техникалық және кәсі­би бі­лім жүйесіндегі студенттерге қолдау көрсету әрі саланы дамы­ту үшін елімізде Ұлттық құзыреттілік орталығын құру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында ұйым­дас­тырылды. Ғ.Бейсем­баев­тың мамандарды даярлайтын бірегей оқу орталығы – Лу Бань шеберханасына баруы жұмыс сапары барысындағы маңызды іс-шаралардың бірі болды. Кешен студенттердің жаңа өнді­рістік және цифрлық технолгогияларды, инженерлік жобалау­ды меңгеруіне мүмкіндік беретін зама­науи құрал-жабдықтармен, оқу материалдарымен жарақтан­ды­рылған. Бұл тәжірибені елімізде ұлттық құзыреттілік орталығын ашу кезінде қолдану жоспарланып отыр, бұл техникалық және кәсіптік жүйе студенттері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Тяньцзиньде Ғ.Бейсембаев Қы­тай­дың жетекші колледждерінің өкілдерімен бірнеше келіссөз өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақ­тас­тық­ты дамыту және жұмысшы ма­ман­дарды даярлауда тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ 48 мемлекеттің салалық ми­нистр­лерінің қатысуымен өткен Дүние­жүзілік кәсіптік және техникалық білім беруді дамыту жөніндегі конференцияға қатысты. Отырыстың пленарлық сес­сиясында сөз сөйлеген министр Қазақстанда кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамытудың маңыз­­дылығына тоқталып өтті.

«Қазақстан Президенті жария­ла­ған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіби білім жүйесін трансформациялау жүргізіліп жатыр. Әсіресе күр­делі өндірістік мәсе­ле­лерді шешу үшін қажет эмо­ционалдық интел­лект, инженерлік ойлау сияқты жұм­сақ дағдыларды дамытуға ерекше назар аударылып келеді. Халық­ара­лық тәжірибені ескере отырып, заңнамалық норма­лар­ды жетіл­діруге, кол­ледж­дер­ді бас­қару жүйесін күшей­туге ба­сым­дық беріледі. Қазақстан өз студент­­­те­рінің бәсекеге қабілет­тілігін арттыру үшін маман даяр­лау үрдісіне әлемдік кәсіби қауым­­дас­тық пен алдыңғы қатарлы бі­лім технологияларын енгізуге ұм­ты­лып отыр», деп мәлімдеді Ғ.Бейсембаев.

Сондай-ақ министр Қытай Халық Республикасының білім министрі Хуай Цзиньпэнмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар білім саласында Қазақ­стан-Қытай ынтымақтастығын арттыру, техникалық және кәсіптік білімде екі елдің тәжірибе алмасуы мәселесін талқылады.