• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2015

Шымкентте қарақшылар жанармай құю бекетінде екі адамды атып кетті

385 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 сәуір. Шымкент қаласына жақын маңдағы Қараспан ауылында орналасқан жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасалып, екі адамды атып кетті. Бұл туралы times.kz хабарлады. Қарақшылық шабуыл кезінде қылмыскерлер куәгер қалдырмас үшін жанармай құю ғимаратындағы кассир, күзетші және май құюшыны атып кеткен. Салдарынан 26 жастағы кассир мен 40 жастағы күзетші оқиға орнында қаза тапты. Ал үшінші қызметкер тірі қалған. Ол қазіргі таңда аурухананың жан сақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Айта кетейік, жанармай құю бекеті «ГазПромНефть» компаниясына тиесілі. Бұған дейін де аталған нысан бір мәрте тоналған. Ол кезде қылмыскерлер жұмысшыларды ұрып-соғып, 470 мың теңгені қолды еткен екен. Сол оқиғадан сабақ алмаған басшылық ғимарат маңына бейне камера мен дабыл қағатын қондырғы орнатпаған. Оқиғаға қайта оралсақ, қаза тапқан екі қызметкердің артында әйелдері мен балалары қалды. Сондықтан марқұмның туған-туыстары сот арқылы аталған компаниядан жетім қалған балаларға кәмелетке толғанға дейін жәрдем беруді талап етпек. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: times.kz.