Қазақстанда 2024 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі артып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы 10 айында туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 668,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,6%-ға көп.Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы бұл көрсеткіш 787 млрд теңге болса, 2022 жылы 513 млрд теңгеге жеткен еді. Бұл деректер инвесторлардың еліміздің туристік әлеуетіне қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
«Туризм саласына салынған инвестицияның артуы бизнестің бұл бағытты дамытуға деген тұрақты қызығушылығын білдіреді. Негізгі туристік өңірлерде заманауи инфрақұрылым құру арқылы Қазақстанның халықаралық туристік картадағы орнын нығайта аламыз», деді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев.