• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2015

Оқу дүңгіршегі

324 рет
көрсетілді

Ілияс Есенберлин атындағы аудандық орталық кітапхананың рухани құндылықтар шуағын шаш­қанына 100 жыл толып отыр. Осынау білім ордасына аты беріл­ген дарабоз жазушының биыл ғасыр тойын атап өтетініміз Атба­сар­дағы оқиғаның танымдық сал­мағын еселей түсуде. Атбасар уезіндегі оқу дүңгір­шегі 1914 жылы ашылған болатын. Оның бастапқы кітап қоры орыс тіліндегі 950 және мұсыл­ман әдебиетіндегі 120 дана кітап­тан тұрды. Уақыт озған сайын кітап­хананың материалдық-техни­калық базасы нығайып, мәртебесі де өзгеріп отырды. Мұнда мекемені әр жылдары басқарған Вера Дудкова, Надежда Любащенко, Нина Кравец, Фрида Пиннекер, Рашида Жур­канова, Октябрина Пактың ұйым­дастырушылық еңбегі орасан. Мекеме 1986 жылы жалпы аумағы 2047 шаршы метрлік жаңа ғимаратқа көшірілді. Ол аудандағы ағарту, ғылыми көпшілік, мәдени шаралардың ордасына айналды. Бүгінгі күні кітапхана 43 атаудағы мерзімді басылымдарды жаздырып алады. Мұнда оннан астам мүд­делер бойынша клуб жұмыс іс­тейді. Білім ошағының интернет желі­сіне қосылуы қызмет өрісін ке­ңей­тіп отыр. Сондай-ақ, кітап­хана қызметкерлері Атбасар қаласы мен Октябрь және Мариновка ауыл­дарындағы қуыршақ театр­лары­­ның ашылуына ұйытқы болды. Аудандық мәдениет үйін­дегі салтанатқа жиналған қауым алғаш­қы кітапханашы Ғазиз Омаров­тың, Қазақ КСР құр­метті кітапханашысы Еркін Ғап­басовтың, Атбасар ауда­ны­ның Құрметті азаматы Клара Әмірованың, тарихи-өлкетану мұра­жайының негізін қалаушы Борис Маевскийдің және басқа айтулы азаматтардың өнегелі еңбек жолынан мағлұмат алды. Еңбек майталмандарына сый-сауғалар жасалды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Атбасар ауданы. Суретте: кітапхана ұжымы.