• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2010

ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

464 рет
көрсетілді

Коммуналдық қызметтердің өсуі үнемі жұртшылықтың назарында бо­лады. Ол заңды да. Табан ақы, маңдай теріңмен тапқан қаржыңды қал­­тадан суырып беру оңай емес. Ал, тарифтер жыл сайын сынап ба­ға­на­сын­дай жоғарылап келеді. Бұл монополистердің қанағатсыздығы ма, әлде... Біз осы мәселеге байланысты жауапты азаматтардың пікірін тың­даған едік. – Сонау кеңес өкіметінен келе жатқан ескі технологияларды жыл сайын лекерлеп, жамап-жасқап, ком­муналдық қызметке бағаны өсірмей отыруға болар еді, – дейді Шымкенттегі “Энергоорталық-3” АҚ бас директоры Р.Турдахунов. – Ондай жағдайда түбі қайраңға отырамыз. Қайыры да болмайды. Шымкент қаласы бойынша жылу жүйелері 373,01 шақырым құ­райды. Уақытында жөндеу көрмесе, қыстың көзі қырауда жұрт жылусыз қалатындығы анық. Біз 2010-2011 жылдағы жылу мау­сымы жұмыстарына жабдық­та­ры­мызды жөндеу үшін 219162 млн. теңге жоспарлап отырмыз. Жылу жүйелері мен қазандықтарға 69545 млн. теңге бөлінсе, соның 27 млн. тең­гесі жылу жүйелері тартылған тұр­баларды изоляциялауға жұм­салады. Заман талабынан қалмай сапалы қызмет көрсету үшін жабдықтарды модернизациялау қажет. Біздің мекеме жұрттың қалтасына түсіп, мол ақша табуды емес, сол жұрт сапалы қызмет тұтыну мүмкіндігін бірінші орынға қояды. Тұтынушылар талабын басты назарда ұстайтын мекеме Табиғи монополияларды реттеу агенттігі ОҚО бойынша департаментінің директоры Нұрмахан Жолдасовтың да электр және жылу жүйесі мәсе­лелеріне байланысты өз байламы бар. – “Оңтүстік Жарық транзит” ЖШС-нің есебінде мекеменің был­тырғы жылғы қаржылық-шаруашы­лық қызметіне талдау жасалып, 187129 мың теңге көлемінде шығын алынғаны белгілі болды, – дейді Н.Жолдасов. Мекеменің кірісі 3832995 мың теңгені құраған, сонда жұмсалғаны – 4020124 мың теңге. Жөндеу жұмы­сы­на 441749 мың теңге жоспарла­нып, іс жүзіндегі шығын 464897 мың теңгені құраған. Шымкент қаласындағы кіші стансаларда қыс кезінде жүктеме молайғанда сынаққа төзген нүктелер болған. Кешкі қуат жоғарылаған са­ғат­тарда трансформаторлардағы кер­неу номиналды биіктікке жуықтады. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайы­ның жақсаруы электр қуатын пайда­лануды табиғи түрде өсіріп отыр. Сондықтан да тұтынушылардың электр қуатын орташа сағаттық пай­далануы жоғарылап келеді. Осы­лардың негізінде кіші стансаларға ажыратып-қосу тетіктерін, 110-35кВ ток трансформаторын монтаждау жұмыстары жүргізіліп, реле және автоматты қорғаныстары жаңғырты­лып, сондай-ақ Р-16000 кВа қуатты үшінші трансформаторды пайдала­ну­ға қосу іске асырылды. Сонымен Шымкент қаласындағы күзгі-қысқы жүктеме кезіндегі тұтынушыларды электр қуатымен сенімді және үздіксіз жабдықтау мәселесі шешілді. Бұдан да басқа Сарыағаш қаласы тұтынушыларының электр қуатын тұтыну көрсеткішінің өсуіне бай­ланысты ПС 35/10 кВ Сарыағаш: 1600 кВа қатты екі трансформато­рын 2500 кв қуатты трансформа­торына, ПС 35/10 кВ “Учхозда” 100 кВа қуатты трансформаторын 1600 кВ қуатты трансформаторына ауыс­тыруға байланысты электрмен жабдықтау мәселелері шешілді. Мекеме инвестициялық бағдар­ламалар шарасын, соның ішінде жөндеу және қайта жабдықтау, тарифтік сметаны шығындау бабын жүзеге асыруды жоспарлауда. “З-Энергоорталық” АҚ-тың есе­бінде былтырғы жылы инвести­циялық міндеттеменің 191,6 млн. теңге және жөндеу жұмыстарының 226,4 млн. теңге сомаға орындал­ғаны жөнінде ақпарат айтылды. Жылу энергеиясын босатудан түскен кіріс 2395,4 млн. теңгені құраса, шығыс бөлігі 2950,1 млн. теңгені құраған. Нәтижесінде 554,7 млн. теңге көлемінде шығын келтірілді. Шығынның негізгі себептері жылу энергиясының пайдалы бөлігінің төменделуі және нормативтен артық нақты шығынның орын алуы. Бұл мәселеге қаланың оңтүстік бөлігі тұтынушыларының қосылуы да себеп болып отыр. “З-Энерго­ор­талық” АҚ бүгінгі таңда жылу энергиясы орталығының 5 жылға дамуы бойынша инвестициялық бағдарламасын әзірлеуде. Онда генератормен бірге турбинаны орнату және монтаждау, желдеткіш градирин құрылысы, ЗРУ-110-ды кеңейту және ОРУ-110/35/6 кв құрылысын салу көзделген. Коммуналдық қызметке тариф­тер­дің өсуінде осындай себеп-сал­дарлар бар екен. Жылу және электр қуатын пайдалануда тұтынушылар тарапынан қыруар қарыздың бар­лығы осы жұмыстарды уақытында атқаруға тежеу болып келеді. Бақтияр ТАЙЖАН, Оңтүстік Қазақстан облысы.