Құрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім үлгісінің, барша қазақстандықтардың тұтастығының жарқын көрінісіне айналған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтайды!
Бұл мереке әрқайсымыз үшін ерекше қымбат. Ол біздің миллиондаған отандасымыздың жүрегінен жол тапқан халқымыздың тамаша рухани дәстүріне айналды.
Біздің көпэтносты қоғамымызды біріктіретін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының арқауы – туған жерге деген патриотизм мен сенім, достық пен махаббат сияқты мызғымас құндылықтар.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сайлаудағы айқын жеңісі осы мерейлі мерекеге ұласып отыр, бұл – ақиқат сәті және ел дамуының жаңа кезеңінің бастауы.
Қазақстан халқы тарихи таңдау жасап, мемлекетті экономикалық және әлеуметтік дамуда жаңа белестерге бастайтын өз Көшбасшысына дауыс берді.
Біз жарқын болашақ пен асқақ мүмкіндіктер дәуірінде өмір сүрудеміз. Мемлекет басшысының бастамасымен ұсынылған «Бес халықтық реформа», Ұлт жоспары – барша азаматтарға арналған заманауи мемлекеттің берік іргетасы болатын, Қазақстан дамуының дүниетанымдық негізінің стратегиялық келешегін қалыптастыратын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мега-жобалар.
Қымбатты азаматтар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы баршаңызды бірлік мерекесімен құттықтап, амандық, береке және жарқын болашақ тілейді!
Біздің тағдырымыз ортақ. Ол ортақ Отанымыз – Қазақстанның тағдырымен байланысты. Осы айтулы мерекеде сіздердің жүректеріңізге еліміз үшін ыстық сезім ұяласын!
Ортақ Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін!
Халқымыздың бірлігі жарасып, Мәңгілік Елдің жұлдызы жана берсін!
Қазақстан халқы Ассамблеясы.