• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Желтоқсан, 2024

Күрд қызы жеңімпаз атанды

17 рет
көрсетілді

Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамы­ту басқармасына қарас­ты тілдерді оқыту ор­талығының ұйытқы болуымен «Үздік тыңдаушы – 2024» байқауы ұйым­дастырылды. Өңірлік дең­гейдегі байқауға өзге ұлт өкілдері қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметін көрсетті.

Орталық директоры Қуаныш Дәу­рембековтің айтуынша, облыстық байқауды ұйым­дастырудағы басты мақсат – қазақ тілі тың­дау­шылары арасында мем­ле­кеттік тілді жетік меңгеруге баулу, олардың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру. Сол арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге басымдық беру – тілдерді оқыту орта­лығының миссия­сы.

Жоғары деңгейде өткен байқауға қатысушылар «Үй тапсырмасы» кезеңінде қазақ­тың қабырғалы қалам­гер­лерінің Отан, туған жер та­қырыбындағы отты жырларын жатқа оқыды, ал «Жа­ңылдырсаң да жаңыл­маймын» кезеңінде түрлі жаңылтпаштарды айтып, қазақ тілін айтарлықтай деңгейде меңгергендерін көр­сетті. Сонымен қатар «Ұлт­тық құн­дылық» деп аталатын кезеңде қазақ­тың салт-дәстүрі мен тұғырлы тұлға­лардың өмір тарихына қатысты сауалдарға жауап берді. Ұлттық аспаптар мен ырым-тыйымдарға қатысты ойларын ортаға салды.

Байқау қорытындысында Жамбыл ауданынан келген күрд ұлтының қызы Баси Айдарова жеңімпаз деп танылса, Байзақ ауданынан келген түрік қызы Назира Гасанова бірінші орынды иеленді. Орыс қызы Зинаида Сокольская жүлделі екінші орынға ие болса, сарысулық Сайрам Айдароваға үшінші жүлде бұйырды.

Мемлекеттік тілдің мәр­тебесін асыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда өзге ұлт өкілдері қазақ­тың салт-дәстүрі мен қа­лам­герлерінің шығармаларын құ­мартып оқығанын бай­қа­дық. Сол тұрғыдан алғанда бай­қау үдеден шыққан се­кілді.

 

Жамбыл облысы