• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 31 Желтоқсан, 2024

Биыл Алматы облысында 24 мыңға жуық сәби дүниеге келген

18 рет
көрсетілді

Биыл Алматы облысында 23 852 бала дүниеге келсе, оның 219-ы егіз, сондай-ақ біреуі үшем, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа туған нәрестелер саны бойынша Қарасай, Іле, Жамбыл, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандары көш бастап тұр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаеваның айтуынша, облыстағы перзентханалар үш деңгейлі медициналық көмек көрсетеді.

«Биыл Алматы облысында 12 139 ұл, 11 713 қыз бала дүниеге келген. Ана мен балаға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін дәрігерлер үнемі біліктілігін арттырып отырады. Сондай-ақ Еңбекшіқазақ аудандық көпсалалы ауруханасында 26 төсектік, ал Қарасай аудандық көпсалалы ауруханасында 30 төсектік шала туған нәрестелерді күту бөлімдері ашылды. Сондай-ақ Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында бір күндік емхана жұмысын бастады. Мұнда жоғары білікті мамандар жұмыс істейді», деді Лейла Серікбаева.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстанда 390 мыңнан астам сәби дүниеге келген.