• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

Жылдың алғашқы күндерінде 200-ге жуық адам қар құрсауында қалған

60 рет
көрсетілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылдың алғашқы бес күнінде 199 адамды есепке алып, эвакуацияладық, оның 27-сі бала. Сондай-ақ қар құрсауынан 22 техника, оның ішінде бір автобус шығарылды», деді Магомед Ахриев.

Оның айтуынша, 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында министрдің бұйрығымен 37 мыңнан астам жеке құрам мен 13 мыңнан астам техника топтамасы бекітілген.

Сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін арнайы міндеттер айқындалған.

«Республикалық деңгейде басқару орталығының базасында осы төтенше жағдайларға байланысты іс-қимылдарды үйлестіретін республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Мұндай штабтар облыстық деңгейде де бар. Сондай-ақ республика аумағында бір жарым мыңнан астам эвакуациялау және жылыту пункті құрылды», деді М.Ахриев.

Төтенше жағдайлар министрлігі ел азаматтарына басқа елді мекендерге сапарларын ауа райы жағдайын ескере отырып жоспарлауды, сондай-ақ төтенше жағдайлар туралы ескертулерге назар аударуды ескертеді.