Оқиға 10 Қаңтар, 2025

Саран қаласындағы тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден өрт шықты

52 рет
көрсетілді

Бүгін Саран қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар отқа оранған, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыстың алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер пәтерден газ баллонын шығарып, 10 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде оқшаулаған.

Айта кетейік, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.