Оқиға 13 Қаңтар, 2025

Ақтаудағы өрттен 8 бала құтқарылды

40 рет
көрсетілді

Ақтау қаласының «А» ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйдің бірінде өрт болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен сәтте 3-ші қабаттағы кіреберіс ашық жалынмен жанып жатқан, ал жалын пәтерге ауысқан.

«ТЖМ қызметкерлері автосатымен 10 адамды, оның ішінде 8 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 14 баланы эвакуациялады», делінген хабарламада.

Өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.