• RUB:
    5.17
  • USD:
    528.52
  • EUR:
    539.14
Басты сайтқа өту
Өндіріс Кеше

Мұнай өңдеу зауыты жөнделді

28 рет
көрсетілді

Атырау мұнай өңдеу зауытының желісіндегі ақау толық жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытының желісінде жанармай аққан еді. Бүгін зауыттан ақаудың толық жойылғаны туралы мәлімет жетті. 

«АМӨЗ» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, автобензин айдауға арналған жерасты құбырының ақаулы бөлігі толығымен қалпына келтірілген. 

«Зауыттағы № 33 резервуар паркіне тауарлық бензин компоненттерін айдау желісінде ақау анықталған болатын. Жауапты мамандар құбырды резервуардан ажырату шарасын жүргізді. Төгілген мұнай өнімі сорылып, өңдеуге жіберілді», деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі. 

Қазір зауытта арнайы комиссия құрылған. Бұл комисия зауыттағы ақаудың себептерін анықтауға кірісті. 

«Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін ақаудың себебі мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады. Қазір жанармайдың ағуы тоқтады. Зауыттың қондырғылары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру және жөнелту процесі Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді зауыттың баспасөз қызметінен.