Түркістан облысында көлік жүргізушісінен марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер Арыс ауданы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп, есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Нақтырақ айтсақ, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mitsubishi автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде жүргізушіден есірткі заты бар 3 орама тапты.
Одан әрі полицейлер күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы 1 қағаз орамасын тәркіледі. Алынған заттың жалпы салмағы 160 грамнан астам марихуана болып шықты.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.