Уақытша сақтау қоймасының қызметкерлері 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды иемденіп отырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы 2023 жылдан 2024 жылға дейін Қытайдан келген тауарларды ұрлаумен айналысқан уақытша сақтау қоймасы (УСҚ) қызметкерлерінің тобына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Күдіктілер ұрланған тауарларды жергілікті базарларда сатқан. Шығын көлемі 200 млн теңгеден асып, отандық және шетелдік компанияларға зардап келтірілген.
Жетісу көлік прокуратурасы істі сотқа жолдады.