• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Әлем Бүгін, 12:13

Батыс елдері Израил-Хамас келісімін қолдады

15 рет
көрсетілді

Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату туралы келісімге келді. Батыс елдерінің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдері осы келісімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің әлеуметтің желісінде алғашқылардың бірі болып ойын білдірді. 

«Келісім тармағындағы Таяу Шығыстағы кепілдегі адамдарды босату туралы мәселе біздің назарымызда болды. Оларды жақында босатады», деп жазылған хабарламада. 

Ал Франция президенті Эммануэль Макрон алдымен Газадағы 15 ай бойы қиын күн кешкен бейбіт тұрғындардың жағдайына тоқталды. Ол халықаралық қауымдастықты жағдайды бақылауға ұстауға шақырды.

«Келісімнің сақталуы қатаң қадағалануы керек. Кепілдегі тұтқындар босатылуға тиіс. Газа тұрғындары бейбіт өмір сүруге құқылы. Бұл келісім саяси дұрыс шешім деп ойлаймын», деді Э.Макрон. 

Біріккен Ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш те бұл пікірді қостады. Ол өз сөзінде келісім шарттарына сәйкес екі тарап бекітілген шарттарды бұзбай әрекет етуге тиіс деді. Сондай-ақ ол бұл келісімнің сәтті жүзеге асуына атсалысқан Египет, Қатар, АҚШ өкілдеріне алғысын білдірді.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл келісімді қолдауға дайын. Ең маңызды жайт - аймаққа гуманитарлық көмектің кедергісіз кіруін қамтамасыз ету. Осы орайда екі тарапты да бұл мәселеге бей-жай қарамауға шақырамын», деді А.Гутерриш.

Ал Джо Байден бұл келісімнің арқасында тұтқындағы адамдар босап, өз отбасымен қауыша алатынын атап өтті. Саясаткер өз сөзінде екі тарапты келісімге келтіруге үлкен дипломатиялық күш-жігер жұмсалғанын айтты. 

«Бірер күннен соң келісім ресми түрде күшіне енеді. Қақтығысты кезең-кезеңімен тоқтату арқылы Таяу Шығыстағы жағдай біртіндеп реттелетініне сенемін», деді Д.Байден.