Оқиға 21 Қаңтар, 2025

Астанада 19 жастағы жігіт өзін атып өлтірді

110 рет
көрсетілді

Желіде астаналық оқ ату клубтарының бірінде жаттығу кезінде 19 жастағы жігіттің кенеттен өзіне оқ атқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл фактіні елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«19 жастағы елорда тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 16 жастағы мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Медеу ауданындағы мектептердің бірінде болған.