• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Ақпан, 2015

Қатаң қадағалануы тиіс

214 рет
көрсетілді

Өткен жылы көлік прокуратурасы жүргізген жұмыстар негізінде 8 миллиардтан аса теңге мемлекеттің қазынасын қайтарылды. Мемлекет басшысының «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы – қа­лып­тасқан мемлекеттің жаңа сая­си бағыты» атты Жолдауында эко­но­­миканың басты күрежолы ре­тін­де көлік инфрақұрылымының маңыздылығы айтылып кеткен. Өткен жылы қадағаланатын көлік аймағында заңдылық пен құқық тәртібін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау, көліктегі экологиялық және жалпы қауіпсіздікті қамта­масыз ету көлік прокуратурасы жұ­мысының негізгі мақсаттары болды. Осыған байланысты 2014 жылы әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалауды іске асыру барысында 389 тексерулер жүргізілді, 40 716 заң бұзушылықтар анықталды, 2 724 прокурорлық қадағалау акті­лері енгізілді, оның ішінде 1 691 ұсыныстар қаралды, 433 нара­зылықтар, 40 талап-арыздар және арыздар қанағаттандырылды, 167 ұйғарымдар орындалды, заңға 342 түсіндіру берілді, 51 ескерту жарияланды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 37 қылмыстық іс қозғалды. Қадағалау шаралары негізінде 2 608 заңсыз актілер бұзылды және өзгертілді, 2 562 тұлға тәртіптік, 1 988-і әкімшілік, 197-сі материалдық жауапкершілікке тартылды. Бас прокурордың тапсырмасын орындау бойынша негізгі күш мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталды. Келтірілген залалдың орнын өтеу көлемі 8,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 8 млрд. теңгеден аса мемлекеттің бюджетіне өнді­рілді, бұл өз кезегінде біздің аза­маттарымызға атаулы әлеуметтік көмек жүргізуді қамтамасыз етті. Кеден саласындағы заңды­лықты қадағалау барысында 44 ұсыныстар енгізілді, бұл ұсы­ныстарды қарау нәтижесінде 37 лауазымды тұлғалар түрлі жауапкершіліктерге тартылды, 14 қылмыстық істер қозғалды, 1,6 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттармен 564,4 млн. теңгеден аса сомасындағы контрабандалық заттарды иесіз деп тану және оларды мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы 27 талап-арыздар қанағаттандырылды. Салық заңдылығының сақта­луын қадағалау саласында елеулі жетістіктерге жеттік, мұнда ­про­­курорлық ықпал ету актілері ­бо­йынша мемлекеттің бюджетіне 6,8 млдр. теңге көлемінде келті­рілген нұқсан өндірілді. Қазақстанды ірі аймақтық транзиттік хабқа айналдыруда көліктік қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпейінше, алға қойған міндеттерді орындау мүмкін емес. Осыны ескере отырып, көліктік оқиғаларды жедел тергеу және кінәлілерді жазалаумен қатар, бас көлік прокуратурасы көліктегі қауіпсіздіктің төмендеуінің себептерін анықтау бойынша нысаналы жұмыстар жүргізуде. Теміржол көлігіндегі жөндеу және локомотив шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне жүргізілген тексерулер мемле­кеттік тіркеусіз, жөндеу мерзім­дері өткен, тозған жылжымалы құрамды пайдалану сияқты ағымдағы заңнама талаптары бұзылғандығын растайды. Оған қоса, жөндеу кезінде бұрын қол­даныста болған қосалқы бөлшек­терді пайдаланған жағдайлары да орын алған. Көлік прокуратурасы органдарының актілері бойынша теміржол жылжымалы құрамның 127 бірліктерін және тексеруден өтпеген өлшеу құралының 70 бірліктерін пайдалану тоқтатылды. Әуе көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да елеулі жұмыстар жүргізілді. Мысалы, бұрынғы КжКМ-нің азаматтық авиация комитетіне енгізілген прокуратура актісі негізінде LUK AERO авиакомпаниясын­ пайдаланушының сертификаты тоқтатылып, кері қайтарып алынды. Азаматтық авиация комитеті пайдаланушы сертификатының арнайы ережесіне енбеген, «JetAirlines» АҚ екі әуе кемелері­мен (чартерлік сапарлар) ұшуға рұқсат қағазы заңсыз берілгендігі анықталды, аталған сертификат та кері қайтарып алынды. Сонымен, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкше­тау, Тараз және Шымкент әуежай­лары аумағында сәулет және қала құрылысы комитетінің рұқса­­тынсыз түрлі санаттағы нысандар­ды орналастыру факті­лері анықталды. Біздің хат бойын­ша Азаматтық авиация коми­теті жоғарыда аталған барлық нысандардың ұшу қауіпсіздігі жағдайына нақты ықпалын анықтау мақсатында, зерттеуді жүргізуде. Тексерілген әуежайлардың қыз­метінде көптеген санитар­лық өрттен сақтану және нор­ма­ларының бұзылуы анықталды. Әуе көлігінде арнайы кіру рұқсаты жоқ авиациялық қызметкерлер коммерциялық тасымалдау қызметін көрсеткен. Әуе сапарлары жолсеріктерінің ең аз мөлшері қамтамасыз етілмеген және олардың еңбек және демалыс нормалары бұзылған жағдайлар да кездеседі. Әуе компаниялары әзірлеген ішкі актілер ұлттық заңнамаға қайшы және адамдардың конституциялық құқықтарын елеулі түрде шектейді. Теміржол және әуе көлігін­дегі жолаушылардың заңды мүд­делері мен құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың қолда­нылуына жүргізілген тексерулер нәтижелері көрсеткендей, қазіргі кезде көлік-коммуникациялық кешені халық мұқтажын толық көлемде қанағаттандыруға қау­қарсыз. Бүкіл республика бо­йынша жолаушыларды таситын вагондардың лайықсыз жабдық­талуы қажетті құралдар­дың жеткіліксіздігін, сонымен қатар, жабдықталатын тауарлар (төсек-орын тысы, перделер, кілем төсеніштері, ыдыс-аяқтар) тоз­ған күйде екендігін көрсетеді. «Вокзал-Сервис» АҚ темір­жол вокзалдарының жағдайы мен жабдықталуы қатаң сынға алынды. Мысалы, 23 вокзал­дың ғимараттары мен жолаушы­ларға қызмет көрсету пунктте­рінің құрылысы мен күрделі жөндеулері мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдауынсыз жүргізілгені анықталды. Тексе­ріл­ген вокзалдардың кейбіреу­лері ғана көлік инфрақұрылы­мы нысандарына кедергісіз кіруге, соны­мен қатар, мүгедектер құқықтарының сақталуын қамта­масыз етуге лайықты екен. Көптеген вокзалдарда пандустар мүлдем жоқ немесе қойылатын талаптарға сай емес. Мүгедектер және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған бөлмелер, дәретханалар және т.б. жоқ. Су көліктерінде жүргізілген тексерулер әлі де болса аталған салада заң бұзушылықтар жол алатынын көрсетті. Апаттар қаупі бұрынғы деңгейде сақталуда, шаруашылық субъектілері жалпы кеме жолы қатынастарының қауіпсіздігіне кері әсерін ететін елеулі заң бұзушылықтарға жол беруде. Мәселен, Қазақстанның кеме жолы тіркелімінің негізгі жұмысы – өзен кемелерін техни­калық куәландыру ақауы бар өлшеу құралдарын пайдаланып жүргізілген, ал бар өлшеу құ­ралдарының бір бөлігі метро­логия­лық тексеру туралы жасанды сертификаттарды пайдаланған. Бұл орайда ведомстволық бағыныстағы мекемелерге уәкілетті орган тарапынан ешқандай бақылау жоқ екендігі байқалады. Көліктегі мәселелердің бірі – табиғи ортаға жағымсыз техно­генді әсер етуі соның ішінде атмосфераны ластайтын қал­дық­тардың шығарылуы, топырақ­тың ластануы және талапқа сай келмейтін тұрмыстық-қатты қал­дықтардың орналасуы. Осын­дай заң бұзушылықтар үшін прокурорлық ықпал ету шараларымен тәртіптік жауапкершілікке 96 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 273 тұлға тартылды, мемлекет бюджетіне 358 млн. теңге көлемінде келтірілген залал өндірілді. Еліміздің Негізгі Заңы кепіл­дік беретін азаматтардың құқық­тарының сақталуын қадаға­лауға баса көңіл аударыла­ды. Қабылданған шаралар негі­зінде 29 422 көліктік мекеме­лері жұ­мысшыларының конститу­циялық құқықтары қорғалды, 620 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бо­йынша берешек өтелді. Бас прокуратураның тапсырмаларына сәйкес, көлік прокурорлары Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» Жолдауын іске асыру және прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін одан әрі арттыру бағытында жұмыс жүргізе беретін болады. Ыбырай ТІЛЕУҒАЛЕЕВ, бас көлік прокуроры.