• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2015

Құмдағы қуат көзі бұлтты күні де энергия өндіреді

475 рет
көрсетілді

«Мұса» шаруа қожалы­ғының жетекшісі Тілеген Мусин құм ішінде әйгілі герефорд тұқымды ірі қараны өсірумен айналысады. Оның қызметінің бас­ты феномені – АҚШ-тан жеткізілген бітімі, оты мен суы бөлек текті малды Нарын құмына жерсіндіре білуінде. Соның нәтижесінде герефорд құмның жайылымын жатсынбай қоң жинай түсуде. Мұндағы басты қиындық – су. Құм ішінде өзен, көл бола бермейді. Сондықтан Т.Мусин құдық қаз­дырып, су шығару үшін энер­­гия­ өндіретін күн мен жел қалақ­шаларын орнатты. Оның әрқай­­сысы тәулігіне ең төменгі есеп­пен 1,5 кВт қуат өндіреді. Жинақталып келгенде – 9 кВт. Бір отбасының орташа есеппен 3-5 кВт тұ­тынатынын ескерсек, бұл – жеткі­лікті мөлшер. Қажеттілікке қарай 10-12 кВт қуат өндіруге болады. Тақ­тайша қалақтардың пайдалану мерзімі 25 жыл. «Жөндеп, майлап әуре болмайсың. Тек анда-санда шаңын сүртсең болғаны», дейді Т.Мусин. Сондай-ақ, шаруа қожа­лы­ғының жетекшісі «Маглев» жүйе­сіндегі жел генераторы сағатына 100 Вт қуат беретінін айтты. Бұл түнгі мезгілде аккумуля­торды қоректендіру үшін орнатылған. Тілегеннің өнертапқыштық ой-пікірінен түйгеніміз, біз Күн қуа­тына бай екенбіз. Түннің қыс­­қа­­лығы сонша, таңғы рауан себез­гілеп түскенше аккумуля­тор­да­ғы жинақталған тоқ сарқы­лып үлгер­мейді. Күн тақтайшалары бұлт­ты күні де қуат өндіреді. Тек бұл ғажайып қондырғы күн күр­кіреп, найзағай жарқылдаған жағдайда ғана қуат бермейтін көрінеді. Оны өндіргенімен, жұ­мыс жасап тұрған кезде жай түсіп кету жағдайы аса жоғары екен. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». Батыс Қазақстан облысы.