Жұмысшы мамандықтар жылы 01 Наурыз, 2025

Атаулы жыл аясындағы жәрмеңке

30 рет
көрсетілді

Қызылорда қалалық әкімдігі мен Мансап орталығы бірлесе ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жыл басынан бері үшінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл жолы жиырмаға жуық жұмыс беруші 200-ден астам жұмыс орындарын ұсынды.

Осыған дейін өткізілген жәр­меңкелерде құ­рылысшы мен ком­муналдық салаға қажетті ма­ман­дарға сұраныс көп болыпты. Бұл жолы да жүк көліктері жүр­гізушілерін, құрылыс материал­дарын дайындайтын епті мамандарды іздегендер аз еместігі байқалады. Әр мекемеден келген өкілдер жұмыс іздеген жандарға кәсіп жайлы толық мәлімет беріп, оларға жасалатын жағдай туралы да айтып өтті. 

«Жәрмеңкелерге үнемі қаты­сып, мамандарды шақырамыз. Осы жолы автокөлік, жол тегіс­тейтін көлік жүргізушілерін із­деп келіп отырмыз. Бізде жұ­мыс істеуге бар жағдай жасал­ған. Ын­талы жастарды әрі қа­рай оқып, мамандығын же­тіл­­ді­ру­­ге мүм­кіндік береміз», дей­ді «Ав­томобиль жолдары бас­қармасы» ЖШС-ның өкілі Әсем Байұлова.

Құрылыс материалдарын өн­діретін «Құрылыс» АҚ өкілі бетон жасайтын маман іздеп келіпті. «Өндіріс автоматтандырылған, жұмысшыларды тасымалдау жол­ға қойылған. Жалақы уақ­тылы төленеді, басқа да әлеуметтік қол­дауларымыз бар», дейді ол.

Бұл жолғы жәрмеңкенің бір ерекшелігі – заңгерлер қаты­су­шыларға «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржы үнемдеу, несиесін төлей алмағандықтан бұғатталған есеп шотын қайта ашу, банкроттыққа өтініш бе­ру бо­­йынша тегін кеңестер бер­ді.

«Былтыр қала бойынша 2302 адам қаржы сауатын арттырды. Биыл да жалғасатын жоба аясын­да 3 мыңнан астам тұрғынды оқыту жоспарланып отыр. Оның барысында заңгер, банкир, басқа да сала өкілдерінен жасақталған жобалық кеңсе қарызы көбейген тұрғындардың кестелерін жеңіл­детіп, жағдайларына қарай өзгер­тіп береді», дейді «Amanat» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бө­лімінің басшысы Кенжегүл Құрақ­баеваның айтуынша, мұн­дай жәрмеңкелер жыл бойына тұрақты өткізіледі. 

 

ҚЫЗЫЛОРДА