• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2015

Әлемде баламасы жоқ

319 рет
көрсетілді

жасанды қиыршық тас өндіру жобасы Орал өңірінде қолға алынды Бұл Ақжайық өңірі үшін аса маңызды инновациялық жо­ба болып табылады. Сол себепті ол облыс әкімдігі, Білім және ғылым министрлігінің Тех­но­логияларды коммерцияландыру орталығы, «Алгоритм» тех­нопаркі, «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қолдау тапты. Оның жүзеге асуына қажетті жағдайлар туғызылды. Қазіргі уақытта Орал қаласының әкімдігі осы өнімді облыс орталығындағы автокөлік жолдарына пайдалану мәселесін қарастыруда. «Қиыршық тас бұған дейін облысқа Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданынан жеткізіліп келді. Жол шығынын қоса алғанда оның орта есеппен әрбір тоннасының бағасы облыс аумағында 6-7 мың теңге көлемінде болған еді. Ал жоғарыда аталған құры­лым­дар жасанды қиыршық тасты Тасқала ауданы аумағындағы кремнилі тау жынысынан алу жобасын енгізу үстінде. Таяуда шағын көлемде жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл өнім хи­мия­лық, физикалық көрсеткіштері бойын­ша табиғи қиыршық тастан еш кем түспейтінін көрсетті. Салмағы жағы­нан да жеңіл. Жергілікті ши­кізаттан жергілікті жерде өнді­рілгеннен соң оның бағасы да төмен болары анық. Маркентингтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, оның тон­насының құны 4-4,5 мың теңге болмақшы. Ал бүгін өндірістік негізде үлкен көлемде, яғни 200 тонна кремнилі тау жынысынан 200 тонна көлемінде өнім алу жос­парланып отыр. Ол өнімге бір апта бойы жергілікті өндіріс орындарының зертханаларында зерттеу жұмыстары  жүргізіледі. Зерттеу оң нәтиже берсе, ол кең көлемде өндіріске енгізілмекші. Білім және ғылым ми­нис­тр­лігінің Технологияларды коммерцияландыру орталығының бас директоры Дамир Егізбаевтың сөзіне қарағанда, мұндай жоба еліміз түгілі, әлемде де жоқ. Егер бәрі ойдағыдай болса, өнімді әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік мол. Орталық жасанды шағыл тасты өндіру технологияларының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауы үшін 45,5 млн. теңге сомасында грант бөлді. Ол сынақтар әзірге сәтті жүзеге асуда. – Жобамыздың бір ерекшелігі – оның технологиясының қара­пайымдылығында. Даладан әкелінген жыныс бірінші ұнтақ­талады. Сосын арнайы айналмалы пеште 1,1 мың градус ыссылықта күйдіреді. Сөйтіп, өнім дайын болады. Біздің бұл технологиямыз еліміздің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосады деп ойлаймын. Өйткені, оның қолдану аясы кең. Яғни оны құрылыста, құрылыс материалдарын дайындауда, автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдарын салуда пайдаланылады, – дейді жоба авторы, Жәңгір хан Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессоры Сәрсенбек Монтаев. Батыс қазақстандық ғалым­дардың бұл жобасы өткен жылы «Ком­мер­­­ция­­­лан­­­ды­рудың реакторы» атты халық­аралық көр­меге қойылыпты. Осы көрме­де шетелдік кәсіпкерлер тарапынан оған қы­зы­ғу­шылық байқалған. Солардың бірі – лат­виялық кәсіпкер Висамнтс Мен­дюкс. Ол сынақ шарасына қатысу үшін Рига­дан арнайы келіпті. Зерттеу нәтижелері ойда­ғы­дай болса, осы бағытта қазақстандық әріптес­тері­мен бірге жұмыстану жос­парында бар. – Қы­тайлықтар Африка елдеріне жол салу ісіне кірісіп жатыр,­ – деді латвиялық кәсіп­кер. – Олар он жыл ішінде 1 триллион дол­лар көлемінде инвестиция салмақшы. Атал­мыш жобаға осы өніммен қатысу ойымыз­да бар». Олай болса өзімізде бар, өзгелерде жоқ жасанды қиыршық тастың қадірін жоғары бағалап, тереңірек түсінгеніміз жөн демекпіз. Сәкен МҰРАТҰЛЫ, журналист. Орал. Суреттерді түсірген Медет ДОСЫМОВ.