• RUB:
    6.3
  • USD:
    518.21
  • EUR:
    590.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Наурыз, 2025

«Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығуы басталды

84 рет
көрсетілді

2025 жылғы 6 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 2-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Оқу-жаттығудың тақырыбы «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Р.Ф. Камалов.

«Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі», делінген хабарламада.