Әлем 27 Наурыз, 2025

Египетте суасты экскурсия кезінде 6 адам мерт болды

80 рет
көрсетілді

Египеттің Хургада курорттық қаласы маңында «Синдбад» атты туристік батискаф апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Суасты экскурсиясы кезінде болған оқиға салдарынан алты шетелдік азамат қаза тауып, бірнеше жолаушы түрлі дене жарақаттарын алған.

Айта кетейік, бортта Ресей, Египет және Үндістан азаматтары барлығы 45 турист, сондай-ақ үш экипаж мүшесі мен екі сүңгуір болған.