Аймақтар 07 Сәуір, 2025

Шымкентте алып сәби дүниеге келді

138 рет
көрсетілді

Шымкент қалалық  №2 аурухана перзентханасында 6700 грам салмақтағы сәби өмірге келді. Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

41 жастағы ана салмағы 7 келіге жуық сәбиін табиғи жолмен босанған. Дәрігер-мамандар бұл елімізде сирек кездесетін жағдай деп бағалап отыр. 

Ұл бала - отбасындағы алтыншы перзент. Көп балалы ана бұған дейін төрт ұл, бір қыз дүниеге әкелген.

«Қазіргі таңда ананың да, баланың да жағдайлары жақсы. Алып баланы анасы өзі босанып, ота да, күрделі араласу да қажет болмады. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте жыл басынан бері 6719 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 3271 қыз бала, 3448 ұл бала бар», делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.