• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Қарағандыда 8,4 млн. теңге жалақы қарызы өтелді

252 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 5 мамыр. Қаладағы қазыбек би аудандық прокуратурасының ұйғарымымен «Сарыарқа-ENERGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 504 қызметкерге 85,4 млн. теңге еңбекақы қарызын өтеді. Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Аудандық прокуратура тарапынан еңбек қатынастары саласының заңнамалық жағдайын тексеру мақсатында мониторинг жүргізіліп, прокурорлар «Сарыарқа-ENERGY» кәсіпорыны өз қызметкерлеріне еңбек ақы төлемегенін анықтады. Бүгінде заң бұзушылық жойылып, прокуратураның талабы толық орындалды. Айта кетейік, аталған серіктестікі 504 қызметкерге жалпы сомасы 85,4 млн. теңгені құрайтын еңбекақы қарызын толық төледі. Айқын Несіпбай. Дерек: Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. Сурет: ortcom.kz.