Қытай мәдениетінде аң патшасы ретінде арыстан емес, жолбарыс саналады.
Бұның екі себебі бар. Біріншіден, Қиыр Шығыста ежелден арыстан емес, жолбарыс мекендеген. Екіншіден, жолбарыстың маңдайындағы жолақтар қытайдың «王» (уаң) иероглифіне ұқсайды, ал бұл иероглиф – «патша», «хан» деген мағынаны білдіреді.