• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2015

Әлеуметтік жауапкершілікке әлеуетті өңір

268 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Шығыс өңіріне екі күндік жұмыс сапарымен келді. Мемлекеттік хатшы сапарының алғашқы күнін Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған «100 нақты қадам аясындағы Қазақстан халқының бірлігі мен біртектілігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысумен және облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандармен танысудан бастады. Жиынды өңір басшысы Даниал Ахметов ашып, 2015 жылдың мемлекет тарихында орын алатын айрықша жыл екенін, елімізде бірнеше атаулы мерейтойлар аталып өтетінін, бірегей бейбітшілік мәдениеті мен рухани келісімге негізделген маңызды саяси реформалар енгізіліп жатқанын айтты.

– Конституция – көпұлтты мемлекетіміздегі азаматтардың құқық теңдігін қамтамасыз етудің мызғымас кепілі. Елбасы таңдап берген бірлік жолы – біздің болашаққа құйған негізгі инвестициямыз. 100-ден астам этнос өкілдері тұратын облысымыз Елбасы нұсқаған жаңа міндеттерді іске асыру үшін біртекті қоғам ретінде жұмылуға дайын, – деді облыс әкімі.

Мемлекеттік хатшы шы­ғыс­қазақстандықтардың Елба­сының қоғамдық келісім мен ұлттық біртұтастық сала­сын­дағы саясатын жүзеге асырудың жарқын үлгісін көрсетіп отырғандығын ерекше атап өтті. – Мемлекет басшысы бастама етіп көтерген 5 институттық ре­форма Қазақстанның жаһан­дық, өңірлік және ішкі сын-қатерлерге дер кезіндегі кешенді жауабы. Жан-жақты реформалар ұлтты инклюзивті, кең ауқымда дамытуға бағытталған. Президентіміз айтқандай, ұлы реформаларды бастай отырып, біз «Мәңгілік Елге» жол саламыз. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың үшінші сатысы болмақ, – деді Гүлшара Әбдіқалықова. Мемлекеттік хатшының ай­туын­ша, институттық реформа­лардың негізгі мақсаты – 2050 жылға қарай Қазақстанды әлем­нің дамыған 30 елінің қатарына қосуға бағытталған. Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бірлік пен біртектілік» бағытындағы ре­форманы жүзеге асыруда негізгі рөлге ие. Біздің бірегей бір­тектілігіміз «Елбасы, Халық, «Мәңгілік Ел» ұғымына негіз­деледі. Қоғамдық келісім мо­делі мен біртектілікті нығай­тудағы жетекші рөлді еліміздің Конституциясы жүзеге асырады. Қазақстанның іс-қимы­лының негізін құрайтын ұста­нымдардың бірі – қоғам­дық келісім. Өйткені, ұлт­тық біртұтастық болмай этнос­аралық қатынастардың үйлесім табуы мүмкін емес. – Шығыс Қазақстан Елба­сының қоғамдық келісім мен ұлттар татулығы жолындағы дана саясатын тиімді жүзеге асы­рудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Өңір тұрғындарының бастамасымен басталған «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты жалпыұлттық жоба бүгінде республиканы қамтып отыр. Ассамблея жылы аясында өңірде әрбір төртінші тұрғынды қамтыған 2600 шара өткен. Ал «20 игі іс» акциясы шеңберінде облыс жұртшылығы 886 млн. теңгенің әлеуметтік көмегін көрсетіп, республика бойынша рекорд жасады. Бұл – шығысқазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілікке аса сергек қарайтынын аңғартады. Облыста өз елінің нағыз патриот­тары тұрады. Сондықтан 100 нақты қадамды жүзеге асыруда Шығыс өңірінің алдыңғы қатардан көрінетініне сенім бар, – деді Гүлшара Наушақызы. Шара барысында конфе­рен­цияға қатысушылар консти­ту­циялық құрылыс, этнос­аралық қатынастардағы мемле­кеттік саясатты жүзеге асы­ру, қазақстандық біртекті­лік пен отаншылдықты қалып­тас­­тырудағы кешенді жұмыс­тар, Қазақстан халқы Ассам­блеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы», «Менің елім» ауқымды әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру, оқулық бағдарламасына «Мәңгілік Ел» құндылықтарын енгізу, Жалпыға Ортақ Ең­бек қо­ғамын құру идеясын ілгері жыл­жыту мәселелерін талқы­лады. – Осыған дейін елімізде 5 са­тылы сот жүйесі болса, енді 3 сатылы сот жүйесіне көшу мәселесі талқылануда. Бұл жүйе әлемдік тәжірибеде мойын­далған. Заңы мықты елдің эко­номикасы да мықты болады. Сондықтан, Елбасының Ұлт жоспарындағы 100 нақты қадамында заңның үстемдік құруы үшін сот жүйесін барынша жетілдіріп, сот беделін қалыптастыратын судьяларға қойылатын талаптарды күшей­туі заңды құбылыс, – деді облыс­тық сот төрағасы Досжан Әміров. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Хатшылық мең­геру­шісі Ералы Тоғжанов, Консти­ту­циялық Кеңес мүшесі Вик­тор Малиновский, Қазақстан хал­қы Ассамблеясы Төраға­сының орынбасары Олег Дымов 100 нақты қадам аясындағы нақты ой-ұсыныстарымен бөлісті. Конференция соңында ҚХА, мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне бірқатар міндеттемелер жүк­телді. Мәселен, «Мәңгілік Ел» патриоттық акциясы идеясын жандандыруға халықаралық және өңірлік деңгейдегі үнқа­тысу алаңдарын пайдалану, қоғамдық келісім мен тағат­тылықты нығайтуға жастарды тарту, мәдени-туристік клас­терді дамытуға қатысу сынды іс-қимыл жобалары бар. Мемлекеттік хатшыға өңірдегі қоныс аударудың элек­тронды картасы таныстырыл­ды. Гүлшара Әбдіқалықова келешегі бұ­лыңғыр ауылдан көшіп келіп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасына қатысқан отбасының шаңы­ра­ғында болды. №19 шағын ауданда тұратын Мәдина есімді жалғызілікті ана шешесімен және екі баласымен бірге Зайсан ауданының Сарши ауылынан қоныс аударған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламаларды үйлес­тіру басқармасының басшысы Айжан Садықова жұмыс күшін тарту мақсатында Оңтүстік Қа­зақстан, Алматы, Қызылорда облыстарынан 97 отбасы келгенін жеткізді. Бүгінде облыстың еңбек ресурстары тапшы аудандарына көшіп келуге ниетті кез келген отбасы қоныстанудың электронды картасына ғаламтор арқылы өтініш жолдай алады. Сондай-ақ, облыс орталы­ғында жаңадан бой көтерген Қан орталығының қызметімен танысқан Мемлекеттік хатшы соны аппараттардың мүмкін­дігіне назар аударды. Бұл орта­лық­та жалғыз трамбациттің бес мың дана дозасын сақтау мүм­кіндігі бар. Арнайы құрылғы оны 10 жыл көлемінде сақтай алады. Адамнан қан қабылдау, оны сараптау аппараттарының бар­лығы автоматтандырылған. Қанды банкке жөнелту және сұрып­тау қызметі адам фак­торының қатысуынсыз өтеді. Ал Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінде білім беру және әлеуметтік қорғау саласындағы ауқымды жобалар таныстырылды. Аталған оқу орны өңірде ҰБТ нәтижелері бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізген болатын. Сонымен бірге, Мемлекеттік хатшы Шығыс өңірінің әйелдер қауым­дастығымен кездесу өткізді. Аталған шарада қоғамдағы әйелдер құқығын қорғау, олардың мемлекеттік қызмет пен кәсіпкерлік және басқа да салалардағы белсенділігін жан­дандыру, отбасылық-демогра­фиялық саясатты жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Мемлекеттік хатшының жұмыс сапары бүгін Семей қаласында жалғасады деп күтілуде.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы.