• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Маусым, 2015

Әйгілі музыкант Джеймс Хорнер өз ұшағымен апатқа ұшырады

292 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 маусым. Әйгілі музыкант, «Титаник» фильмінің ән жазған Джеймс Хорнер өзінің жеке ұшағында апатқа ұшырап, жанып кетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Джеймс мінген бір моторлы S-312 Tucano ұшағы Лос-Анджелстен солтүстік батысқа қарай 160 шақырым жерде Санта-Барбара қаласына жақын маңға құлаған. Ұшақ құлағаннан кейін бірден өртке оранған. Алдын ала деректер бойынша композитор ұшақты өзі басқарған. Айта кетейік, 61 жастағы Джеймс Хорнер 100-ден аса көркем фильмге ән жазған. Оның ішінде: «Храброе сердце», «Аполлон 13», «Маска Зорро», «Аватар» фильмі бар. Ал Хорнер «Титаник» киносына ән жазғаны үшін екі рет «Оскар» сыйлығын алған. Талғат Райымбек. Дерек: «ҚазАқпарат». Сурет: dohafilminstitute.com.
Соңғы жаңалықтар