• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Ақпан, 2015

Ақпараттар ағыны

205 рет
көрсетілді

*Былтыр шаруалардың тұқым сатып алуына 832,7 млн. теңге бөлінді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы хабарлағандай, 2015 жылдың 17 ақпанындағы жағдай бойынша құрылымға Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграрийлерінен жалпы сомасы 1,5 млрд. теңгеден астам 136 өтінім келіп түскен. *Елімізде бөлшек сауда көлемі 4,7 пайызға жоға­рылады. Статистика комитеті баспасөз қызметінің дерегінше, азық-түлік емес тауарлардың өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 6,4 пайызға өскен. Ал 2015 жылдың 1 ақпанында бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауар қорларының көлемі 296,2 млрд. теңгені құраған. *Өткен жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары түлектерінің 70 пайызы еңбекпен қамтылды. «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрайымы Елдана Сәдуақасова жыл сайын кәсіпорындар өздеріне іс-тәжірибеге түлектер тарту үшін колледждермен келісім-шарт жасайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, еліміздегі 820 колледждің 280-інде дуальды білім беру жүйесі енгізілген, 280 мыңнан астам жұмыс орны колледж студенттері үшін практикалық сабақтар аясында ұсынылады.  *Алматы облысындағы Тоқжайлау политехникалық колледжіне тиісті қолдау көрсетілді. Алакөл ауданына қарасты Тоқжайлау ауылындағы аталмыш білім ошағында 50 орындық жатақхана мен 48 орындық шеберханалар кешені пайдалануға берілді. Мұнда барлық қажетті жағдайлар жасалған. Жобаның жалпы құны – 530 млн. теңге. *Қарағанды облы­сын­дағы «Жеңіс» ЖШС жылына 130 тонна қой етін өндіре ала­ды. Жаңаарқа ауданына қарасты серіктестікте 17 мың асылтұқымды қой бар. Өткен жылы кәсіпорын 3 жаңа база салды, сондай-ақ, 1000 қой мен 150 жылқыға арналған бор­дақылау алаңы іске қосыл­д­ы. Ауыл шаруашылығы ғылым­дарының докторы, профессор Төлеухан Сәдіқұловтың сөзіне қарағанда, елімізде қойдың жеті түрі бар екен. Соның бесеуі Қарағандыда өсіріледі. *Шымкентте аяқкиімдер шығарыла бастады. Қаладағы аяқкиім фабрикасының директоры Санжар Тілегенов мәлім еткендей, кәсіпорын шеберлері үйде киетін сүйретпенің 40 мың жұбын тігіп үлгеріпті. Олар екі маусым бойынша аяқкиім шығаруды жос­парлап отыр. Алғашқы кезеңін жүзеге асырған кәсіпкер дайын өнімін еліміздің өзге де қалаларына сатуда. Кәсіпкер мемлекеттен алған несиесін қайтарып үлгерген. *Қызылорда облысында жыл ішінде 13 мыңнан астам адам кәсіпкерлікке бет бұрды. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев өткен жылы «Бизнестің жол картасы» шеңберінде кәсіпкерлерді қолдауға 1 млрд. 400 млн. теңге бөлінгенін жеткізді. Қазіргі таңда облыс кәсіпкерлікті дамыту үрдісі бойынша аймақтар арасында 1-орында. Экономикадағы қиындықтарға қарамастан, банк­тер кәсіпорындарға 2013 жылмен салыстырғанда, 20 пайызға артық несие берген. *Солтүстік Қазақстанда «Ростан» фирмасының май зауыты жыл басынан бері 14 млн. теңгенің өнімін шығарды. Аққайың ауданындағы кәсіп­орын аймақтағы ең озат кәсіп­орындарының бірі. Ол еліміздегі тауар өндірушілер нарығында 17 жыл бойы жұмыс істеп келеді. «Алтын сапа», «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауларының жүлдесін 4 жыл бойы қатарынан иеленген. Онда 50 адам еңбек етеді. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасы деректері бойынша дайындалды.