• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Желтоқсан, 2025

Үздіктер анықталды

20 рет
көрсетілді

Астаналық тұрғындар арасында тоғызқұмалақтан жекелей қалалық турнир өтті. Зияткерлік ойын Тәуелсіздік күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырыл­ған. Жарыста 100-ден аса тоғызқұмалақшы бақ сынасты.

Заң мен тәртіпті кеңінен насихаттауды көздеген спорттық іс-шараға жергілікті ардагерлер мен жастар және жасөспірімдер қатысты. Турнирді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы қалалық Тоғыз­құ­малақ спорты зияткерлік феде­рациясымен бірлесе ұйымдас­тырған.

Жарыс қорытындысында ер ардагерлерден бірінші орын – М.Аяпбековке, екінші орын – М.Уажановқа, үшінші орын – М.Каримовке, төртінші орын А.Чуримбаевқа бұйырды. Әйел ардагерлер арасында бірінші орынды – А.Омарова, екінші орынды – К.Ахметова, үшінші орын­ды – Ә.Жұбатқанова, төртін­ші орынды Н.Оразбаева жеңіп алды.

9 жасқа дейінгі жасөспірім-дер арасында алғашқы төрт орынға Қ.Ернатұлы, С.Хажибаев, А.Ра­хим­жанова, С.Балташев лайық­ты деп танылды. 13 жас­қа дейінгілер арасында И.Мей­рамхан, С.Са­дықов, А.Шамшиева үздіктер қатарынан көрінді. Ал жас­тар мен ересектер арасында ұлдар­дан А.Исатай, Б.Нұржан, Ә.Махмұтжан, Ә.Таңқаев, қыз­дардан Ж.Шамшиева, М.Са­дықова, Б.Қайырбек жеңімпаз атанды.

Барлық жүлдегерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар