• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 08 Қаңтар, 2026

Михаил Кукушкин ширек финалға шықты

20 рет
көрсетілді

Ұлыбританияның Ноттингем қаласында теннистен «Челенджер» санатындағы турнир өтіп жатыр. Сол жарыста Михаил Кукушкин де күш сынасты, деп хабарлайды Egemen.kz.

АТР рейтингінде 298 орында тұрған ардагер теннисші алғашқы екі айналымда жеңіске жетті. Тұсаукесер кездесуінде ол франциялық Маэ Малижені 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. Келесі кезеңде Кукушкин германиялық Кристоф Негриту Мионың тас-талқанын шығарды. Есеп 6:2, 6:1.

Елена Рыбакина Паула Бадосадан басым түсті

Ширек финалға шыққан жерлесіміз енді америкалық Кэннон Кингсли мен ұлыбританиялық Элистор Грей арасындағы бәсекенің жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар