Биыл наурыз айында мерекелерге байланысты ел тұрғындары қосымша төрт күн демалады. Оның ішінде үш мерекелік күн демалыс күндеріне сәйкес келіп, басқа күндерге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты мерекелік демалыс 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде ел тұрғындары 7, 8 және 9 наурызда қатарынан үш күн демалады.
2026 жылғы діни күнтізбе: Ораза қашан басталады?
Наурыз мейрамы – 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан 24 және 25 наурыз демалыс күндері болып жарияланады. Осылайша, Наурыз мейрамында азаматтар 21-25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.