АСТАНА. 26 тамыз. Франциядағы Марсель қаласының прокуроры Брис Робэн Germanwings авиакомпаниясының Альпі тауларына барып соғып қираған A320 ұшағының екінші пилоты аэробусты өзі әдейі апатқа ұшыратқан деген тұжырым айтып отыр. Бұл туралы BBC Russian хабарлады.
Борттың өзі жазылатын жазбасы кабинада қалған екінші ұшқыштың лайнерді әдейі төмендетіп, Альпі тауының етегіне апарып соқтырғанын білдіріп отыр. «Қара жәшіктің» жазбаларына сәйкес, екінші пилот лайнер жерге барып құлап түскенше тірі болып,дем алып жатқан.
Робэннің айтуынша, сейсенбі күні апатқа ұшыраған Germanwings лайнерінің бірінші пилоты, яғни командирі соның алдында ғана салонға шығып кеткен. Бірақ қайтып келгенінде екінші ұшқыш оған есікті ашпай қойған. Прокурор мұны ол қасақана жасап, осы кезде әуе кемесін төменге қарай бұрған.
Баспасөз мәслихаты барысында Брис Робэн екінші пилоттың да атын атады. Ол – Андреас Любиц, қолдағы мәліметтерге қарағанда, кабинаға қайтып кіруге барын салып тұрған командиріне есікті ашпай отырып алған.
«Біз бірінші пилоттың екінші пилоттан ұшақты басқаруды қолына алуды сұрап кетіп жатқанын естідік. Сонымен бір мезгілде креслоның артқа қарай жылжып, есіктің қалай жабылған даусы да шықты», - деді прокурор.
Алайда, бірінші пилот қайтып келгенде, манағы жабылған есік қайтып ашылмай қояды. Командир басында есікті ақырын қағады, сосын қаттырақ ұрады, болмағасын ішке есікті бұзып кірмек болады.
Лайнер таудың адам аяғы жетуі қиын аумағына құлапты. Онда тек тікұшақпен ғана баруға болады. Ал іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мұрат Айтқожа.
Мәнбе, сурет: BBC Russian.