Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат барысында министрлер Таяу Шығыстағы қазіргі ахуалды және оны деэскалациялау мүмкіндіктерін талқылады. Түрік тарапы Түркия мен Әзербайжан аумақтарына жасалған әскери шабуылдарға байланысты елеулі алаңдаушылық білдірді.
Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға өзара бейілділігін растады.
Сұхбат қорытындысы бойынша екі мемлекеттің сыртқы істер және көлік министрліктері деңгейінде кездесу өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Айта кетейік, бұған дейін Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастыратынын хабарлаған едік.