• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Референдум Бүгін, 12:18

Имран Садихов: Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды

10 рет
көрсетілді

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Ислам ынтымақтастығы ұйымы Бас хатшылығының Азия басқармасының басшысы Имран Садихов байқау нәтижелерімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Имран Садиховтың айтуынша, референдумның алдын ала қорытындылары азаматтардың жоғары саяси белсенділігін айқындап берді. «Референдумның алдын ала нәтижелері азаматтардың кеңінен қатысқанын көрсетеді, бұл Қазақстан халқының елдің конституциялық болашағын қалыптастыруға белсенді араласқанын айқындайды. Бас хатшылық референдумның бейбіт әрі тәртіппен өткенін жоғары бағалайды және халықаралық байқаушылардың жұмысына қолдау көрсеткені үшін Қазақстан билігіне алғыс білдіреді. Бас хатшылық Қазақстан басшылығы мен халқын осы маңызды ұлттық оқиғаның сәтті өтуімен құттықтайды. Сонымен қатар, Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымының құнды әрі белсенді мүшесі болып қала беретіні расталып, елдегі конституциялық институттарды нығайтуға, тұрақтылықты қамтамасыз етуге және орнықты дамуды ілгерілетуге бағытталған күш-жігерге қолдау білдіріледі», деді ол. Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Еске сала кетейік, юүгін Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады.

Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

Соңғы жаңалықтар