Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өңірлердің жазғы туристік маусым дайындығына арналған кеңес өтті.
Кеңеске Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында Аида Балаева қатысушылардың жазғы маусымға дайындық деңгейі туралы есептерін тыңдады.
Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері тарапынан өңірлерде жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтіліп, демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелерінің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Дайындық жұмысының барысын бақылауды Туризм және спорт министрлігі облыс әкімдіктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен бірлесе отырып үйлестіріп отыр.
Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева бірқатар нақты тапсырма берді.