• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жемқорлық Бүгін, 10:35

Қостанай облысында пара алған үш полицей ұсталды

30 рет
көрсетілді

Қостанай облысында Рудный қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкері пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер 2026 жылдың наурыз айында қолға түскен. Арнайы операцияны Қостанай облысы бойынша ҰҚК департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі өңірлік полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жүргізген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Полиция нұсқауын орындаған жүргізушіге 21 мың теңге айыппұл салынды

Қостанай қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Айта кетейік, бұған дейін Арқалық қаласында полицей мен жүргізуші автокөлік шиналары түрінде пара беру ісі бойынша сотталған болатын.

Соңғы жаңалықтар