• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 14:45

«Баяғы жартас – сол жартас»: Президент Қонаев қаласының инфрақұрылым құрылысын сынға алды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайызға өсті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ 5-орында тұр.

«Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды», деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті.

«Бірақ аграрлық сектордың әлеуеті әлі де толық игерілмей жатыр. Биылғы 4 айдың нәтижесі бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының нақты көлем индексі 101,2 пайыз болды», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатқанын айтты.

«Алайда, бір олқылыққа назар аударғым келеді. Қонаев қаласындағы инфрақұрылым құрылысы өте баяу жүргізіліп жатыр. «Баяғы жартас – сол жартас», қаланың келбеті – өзгеріссіз күйде. Бұл қалада шұғыл түрде театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек. Онсыз Алматы облысы өз аяғына тұрып кете алмайды. Облыс басшылығы осы өзекті мәселелерге баса назар аударуы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Алматы облысына барды.

Соңғы жаңалықтар