• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2015

КҮЛКІ КЕРУЕНІ №12

301 рет
көрсетілді

Әзіл-оспақ, сын-сықақ бұрышы   Бөлімді жазушы-сатирик Берік Садыр жүргізеді БІРДЕ... Вольтерден біреу: – Өз корольдігіңіздің тарихын жазбас па екенсіз? – деп сұрапты. – Ешқашан да! – деп үзілді-кесілді жауап береді Вольтер. – Бұл мен үшін корольдік зейнетақысынан айырылу деген сөз. * * * Атақты неміс физигі Генрих Рудольф Герц мектепте оқып жүргенде, токарьлық пен ағаш өндеуге қатты қызығады екен. Жексенбі күндері осы саладағы арнайы мектептерге де барып тұрыпты. Кейіннен Герц профес-сор болған кезде, ол туралы естіген қарт ағаш шебері: «Одан тамаша токарь шығар еді», деп қатты өкініпті…   *** Даңқты сатирик Франсуа Рабленің бірде қаржы дағдарысына ұшырағаны сондай, Лионнан Парижге баруға ақша таппай қиналыпты. «Құдай салды, біз көндік» деп басы салбырап көне беретіндердің қатарынан емес Франсуа сосын үш кішкентай қағаз қорапшаға шекер салып, оларға «Корольге арналған у», «Ханшаға арналған у», «Дофинге арналған у» деп жазып, есігінің алдына шығарып қойыпты. Мұны көрген сол кездің полициясы сатирикті қамауға алып, соттау үшін қарулы күзетпен Парижге жеткізіпті… * * * Россини өзіне мәрмәрдан жасалған мүсін тұрғызылғалы жатқанын және ол үшін үлкен көлемде ақша бөлінгенін естіп қалып: – Мұнша ақшаны қайдағы бір ескерткішке бола құртудың қажеті қанша? – деп шамданыпты ол. – Маған сол ақшаның жартысын беріңдер. Мен аптасына екі рет балконға шығып, дәл сол позада қимылсыз тұрайын! * * * Бернард Шоу алпысқа толғанда, оған жағымпазданған біреу: – Сіз алпысқа емес, үшінші рет жиырмаға толдыңыз, – депті. – Әрине, – депті Шоу мүдірместен. – Ал сексенге келгенімде, жиырмасыншы рет төрт жасқа толған болам!   *Татар әзілдері Үш саңырау Шал мен кемпір де, күйеуге шыға алмай көп отырып қалған қызы да саңырау екен. Бір күні шал жолаушы жүрмек болып кемпіріне: – Менің жаңа етігімді тауып берші, – депті. Саңырау құлақ оны қайдан естісін, кемпірі оны «дәуде болса, бұл шай қайнатып бер» деген шығар деп түсініп, қызына: – Қызым, әкең шөлдепті, самаурын қойшы, – дейді. Кәрі қыздың басын басқа бір ой мазалап отырса керек, шешесінің айтқанын ол да өзінше түсініп: – Сізге ұнаған жігіт маған да ұнар. Сіздің бір тілегіңізді орындайын: мен ризамын, сол жігітке тұрмысқа шығайын, – депті. Кешегіге бүгін жылау – Халиолла құлыным, неге жылайсың? – Басымды есікке соғып алдым. – Қашан соғып алып едің? – Кеше кешкісін. – Е, ендеше, ол үшін бүгін жылауыңа жол болсын?! –Кеше қалай жылаймын, ол кезде үйде ешкім болған жоқ қой. Өсекшінің мұңы – Жаңа көшіп келген көршілерің қандай адамдар екен? – деп сұрапты бір әйелден. – Оңбаған адамдар көрінеді! – Неге, әлде көп сөйлеп мазаңды кетіре ме? – Керісінше, сыбырласып қана сөйлеседі, бір сөзін де ести алмай қапа боламын.   Күллі әлемнің күлкісі Түрмеде кезекті сотталғанды тілге тартып отыр. – Не үшін отырсың? – Еш кінәм жоқ, сүттен ақ, судан тазамын. – Оттапсың! Бізде еш кінәсі жоқтарға он жыл береді, ал сенікі – он бес жыл ғой. *** Үйленіп үй болған күннің ертеңінде күйеуі желкесін қасып қызарақтап, келіншегіне: – Күнім, кешірші мені... өзіңе дейін үйленіп... екі балаға алимент төлейтінімді жасырып қалып едім... – дейді күмілжіп. Сонда келіншегі: – Саспа, күнім... мен де құр алақан емеспін – бақандай үш балаға алимент аламын... – деген екен. *** Өлі дене келіп түсетін орталық жергілікті «Спортзаттарын» сататын дүкенге хабарласып отыр: – Сіздер жақын күндері «Ява» атты мотоциклдің қаншасын сатып едіңіз? – Бар болғаны жиырмасын ғана. – Түсінікті, әлі үш-төртеуі жүріп жүр екен ғой... *** Алақ-жұлақ етіп тісі қышып келе жатқан түлкі қарсы қапталдағы қалың жыңғылдың арасынан: «Ку-ка-ре-ку!» – деп «беймезгіл» шақырған қораздың қышқырын естіп, «Ә, құдайым, бердің бе!» деп сүңгіп кеп кетеді... Шақыр-шұқыр, бұрқ-сарқ... ... Бір мезгілде әлгі қуыстан қарнын сипап, тісін шұқып шығып келе жатқан қасқыр: – Атаңа нәлет, шет елдің бір тілінің бір сөзі мынау... бәсе, елдің бәрі неғып шет ел тілін үйренуге құмар десем... –деген екен. *** Армян радиосы жауап береді: – Айтыңызшы, адам мен шыбынға ортақ нәрсе не деп ойлайсыз? – Екеуін де газетпен ұрып мұрттай ұшыруға әбден болады. *** – Айтыңызшы, қандала арқылы СПИД-ті жұқтыруға болады ма? – Әлбетте болады, егер қандаладан басқа қойныңызға алып жатар ешкім таппасаңыз... *** Үшінші қабаттан тоңазытқышты лақтырып жіберіп, бір адамның аяғын зақымдамаған айыпкерге сот жүріп жатады. Судья: «Айыпкер, қалай болды, басынан бастап айтып беріңіз». Айыпкер: «Командировкадан таңертең келдім. Үйге келген бетте әйелім құп-қу боп кетті. Бір сұмдықтың болғанын біле қойдым да: «Қайда?!» дедім ақырып. Айта қойсын ба, терезеден сыртқа қарасам, дәл түбінде іш киіммен ғана біреу жүгіріп барады, қолыма түскені тоңазытқыш болды, дәл төбесінен тастап кеп жібердім». Судья: «Жәбірленуші, сіз не дейсіз?» Жәбірленуші: «Таңертең жүгіруші едім, бұл жолы да жүгіріп бара жатқанмын. Кенет жоғарыдан құлаған тоңазытқыш, құдай сақтап, аяғымды ғана жаралады. Судья: «Куәні шақырыңыздар! (Қол-аяғы гипстелген куәні қол арбамен алып кірді). «Бұл оқиға болып жатқанда, сіз қайда едіңіз?» Куә: «Тоңазытқышта отырғанмын...»