• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Еңбек Бүгін, 15:30

Қазақстанда 2026 жылы қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болады?

Қазақстанның еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс артып келеді. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамына сәйкес, 2026 жылы Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) жарияланатын бос орындар саны 1,12 млн-нан 1,31 млн-ға дейін жетуі мүмкін. Базалық сценарий бойынша бұл көрсеткіш шамамен 1,2 млн бос орынды құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 9%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өңірлер арасында ең көп бос орын Астанада тіркеледі деп күтіледі – 128 мың. Одан кейін Алматы қаласы (102 мың), Түркістан (98 мың), Павлодар (88 мың) және Қарағанды облыстары (77 мың) тұр. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау (19 мың), Маңғыстау (26 мың) және Жетісу облыстарында (28 мың) болжанып отыр.

Білім беру, денсаулық сақтау, өңдеуші өнеркәсіп, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы және сауда салаларында кадр тапшылығы сақталады.

Жасанды интеллект қандай мамандарды еңбек нарығынан ығыстырады?

2026 жылы ең сұранысқа ие мамандықтар қатарында:

жұмысшылар – 80,9 мың бос орын; басқа санаттағы біліксіз жұмысшылар – 63,9 мың; аула сыпырушылар мен аумақ тазалаушылар – 50,8 мың; қоғамтану пәндерінің мұғалімдері – 33,5 мың; орта медициналық персонал – 26,3 мың; өңдеуші өнеркәсіп жұмысшылары – 22 мың; науқастарға күтім көрсетушілер – 20,2 мың; кеңсе тазалаушылары – 20 мың; мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері – 19,7 мың; үй-жай тазалаушылары – 19 мың бос орын.

Жалпы, болжам еңбек нарығындағы сұраныстың басым бөлігі жұмысшы мамандықтарына тиесілі екенін көрсетеді. Сонымен қатар педагогтер мен медицина қызметкерлеріне деген қажеттілік те жоғары деңгейде сақталып отыр. Бұл демографиялық өсім мен әлеуметтік инфрақұрылымның кеңеюіне байланысты білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы кадрларға сұраныстың артып келе жатқанын аңғартады.

Жанбота БАХЫТБЕК

Соңғы жаңалықтар