• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2015

Дағдарысқа қарсы саясаттың тамыры тереңде

272 рет
көрсетілді

Кеше Батыс Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы ұйымдастырған дөңгелек үстел биылғы 26 сәуірде өтетін президенттік сайлаудың басты мәні мен маңызын арқау етті. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Дағдарысқа қарсы саясат және биылғы президенттік сайлаудың маңызы» деген тақырыпта өрістеген ой-пікірлер тоғысына өңір ғалымдары мен студенттер, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшелері, кәсіпкерлер мен Азаматтық альянс өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел мәжілісі үстінде бас қосқандар Елбасы бұған дейін шегелеп, белгілеп берген дағдарысқа қарсы саясаттың тиімділігі мен Қазақстан қоғамына икемділігі жөнінде жан-жақты әңгімелер өрістетті. Сондай-ақ, олар әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың қуатты толқындары соққанына қарамастан, бүгінгі күні елімізде жан-жақты ойластырылған дағдарысқа қарсы іс-қимылдардың нәтижесінде оның әсері мен зардабы айтарлықтай байқалып отырмағаны жөнінде тиянақты тұжырымдар жасады. Осындай ойлы орамның бірі Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Кеңес Әбсатировтың тарапынан айтылды. Басқосу кезінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аргарлық-техникалық университетінің үшінші курс студенті, Президенттік шәкіртақы иегері Әйгерім Ерланова мен «Достық» клубының мүшесі Кирилл  Денисов президенттік сайлау өткізу мерзімі бүгінгі әлемдегі күрделі кезеңнің ерекшелігіне орай ерте де емес, кеш те емес, дәл өз уақытында белгіленгенін айта келіп, батысқазақстандық студенттер мен жастар атынан Елбасының биылғы сайлауға түсуге келісім беруін жақтайтындарын жеткізді. Сондай-ақ, экономика ғылымдарының докторы, профессор Раушан Ғаб­дуа­лие­ваның пікірінше, Елбасы белгілеп берген дағдарысқа қарсы саясат биылғы пре­зиденттік сайлаудың қажеттілігі мен маңыздылығын көтере түседі. Әрі оған жаңаша мазмұн мен түр береді. Бұл екі ұғымдардың арасында тұрған «Қы­тай қорғаны» жоқ. Екеуі бір-бірімен үндес, сабақтас. Әрі бірін-бірі байытып, то­лық­тырып тұра алады. Мұндай ойлы пікірді дөң­гелек үстелдің өзге қатысушылары да қолдады. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.