АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу кезінде Нью-Йорктегі Бруклин көпірінде өрт шықты. Бұл туралы New York Post басылымы хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Басылымның мәліметінше, 143 жылдық тарихы бар көпірдің үш жерінде өрт тұтанған. Алайда өрт сөндірушілердің екі жасағы оқиға орнына жедел жетіп, жалынды қысқа уақытта толық сөндірген.
Нью-Йорк қаласының өртке қарсы қызметі өрттің көпірдің өзінде емес, отшашу ұшыру үшін арнайы орнатылған платформаларда шыққанын мәлімдеді. Сондықтан тарихи нысанға қауіп төнбеген.
Мемлекет басшысы АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдады
Биылғы Тәуелсіздік күніне арналған басты мерекелік шоу Вашингтон қаласында өтті. Онда 40 минут ішінде қаланың он түрлі алаңынан 850 мың пиротехникалық заряд ұшырылып, әлемдік рекорд жаңаруы мүмкін екені айтылды.
Салыстырмалы түрде, өткен жылдары 4 шілдедегі мерекелік отшашу шамамен 25 минутқа созылып, 20 мыңнан 80 мыңға дейін ғана пиротехникалық заряд қолданылған.
2026 жылы АҚШ Конгресі Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған іс-шараларға 150 миллион доллар бөлді.