• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:00

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 8 адам құтқарылды

Алматы қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қою түтін қысқа уақыт ішінде жоғарғы қабаттарға тарап, тұрғындардың өміріне қауіп төндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер пәтердің толықтай отқа оранғанын анықтады. Өрт ошағына жету үшін құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құлыптаулы есікті ашуға мәжбүр болды. Кейін тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Құтқару жұмыстары барысында түтін басқан аймақтан арнайы құтқару құралдарының көмегімен сегіз адам аман шығарылды. Тағы екі тұрғынға медициналық көмек қажет болып, олар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, Астанада 12 қабатты тұрғын үй ғимаратында орналасқан спа-орталықтан өрт шығып, өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады.

Соңғы жаңалықтар