• RUB:
    6.11
  • USD:
    472.03
  • EUR:
    540.29
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 13:58

Дания Еспаева: Қазақстанда кедейлер болмауы тиіс

Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтті. 200-ден астам делегат қатысқан жиында партия Құрылтай депутаттарының сайлауға қатысуы, партияның саяси бағдарламасын бекіту, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту және ұйымдастыру мәселелерін қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Еспаеваның айтуынша, елде әділ ереже орнап, әр азаматқа еңбек етуге, кәсіп ашуға және өзін-өзі дамытуға толық мүмкіндік берілгенде саяси реформа өз мақсатына жетеді. Партияның «Өзгерістер қажет» атты саяси бағдарламасы дәл осы мақсатқа арналған.

«Өзгерістер басталып кетті. Ал біздің міндетіміз – сол өзгерістерді әрбір азаматтың өз өмірінде сезінуіне жағдай жасау. Мемлекеттік басқару жүйесі өзгеріп, жаңа саяси институттар құрылып жатыр. Біз бұл реформаларды қолдаймыз және кез келген өзгеріс бір күнде нәтиже бермейтінін білеміз. Ол үшін уақыт, табандылық және қоғамның қолдауы қажет. Бүгінгі біздің мақсатымыз да осы, съезде партиямыздың жаңа бағытын айқындап, саяси бағдарламамызды бекіту. Бұл - жай ғана қағаз жүзіндегі құжат емес, «Ақ жол» партиясы Қазақстанның жаңа дәуіріне қандай идеямен, қандай жауапкершілікпен барады?» деген сауалға жауап», деді партия төрағасы.

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Төраға өз сөзінде партия құрғақ уәдені үйіп-төкпей, елді одан әрі дамытудың нақты бағдарламасын ұсынатынын жеткізді.

«Құрылтайдың мемлекеттік бюджетті бақылау жөніндегі өкілеттігін күшейту қажет. Сондықтан мемлекеттік қаржының барлығын Құрылтайдың бақылауына қайтару – аса маңызды міндет. Бұл тек мемлекеттік холдингтердің, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджеттеріне ғана қатысты емес. Азаматтар мен бизнестен алынатын «жинақтаушы», «сақтандыру» немесе «мүшелік жарна» деп аталатын барлық міндетті төлемдер іс жүзінде қосымша салыққа айналып отыр. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен әлеуметтік сақтандыру қоры қаражатының нақты мақсатсыз жұмсалуы, сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мерзімді дау-дамайларды ескерсек, бұл қорларды басқару, олардың шығыстары мен сыйақылары да Парламентте ашық талқыланып, бақылаудан өтуі тиіс», деді Дания Еспаева.

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Партия төрағасы «Қазақстанда кедейлер болмауы тиіс» деп ұрандады.

«Бұған еліміздің мүмкіндігі жетеді. Жеріміз бай, экономикамыз мықты, халқымыз талантты. Әрбір азамат сапалы білім мен лайықты медициналық қызмет алуы керек. Еңбегі адал бағаланып, ертеңгі күніне сеніммен қарауы қажет», деді ол.

«Ақ жол» демократиялық партиясы жаңа Конституцияны қолдайтынын жариялады

Сайлауалды бағдарлама таныстырылымы талқылауға ұласып, бірқатар партия өкілдері сөз сөйледі. Одан әрі Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Оған еліміздің барлық өңірлеріндегі отандық кәсіпкерліктің, сарапшылар қауымдастығы мен қоғамдық қызметтің түрлі салаларының өкілдерінен құралған 63 кандидат енгізілді.

Соңғы жаңалықтар