ҚАРАҒАНДЫ. 4 наурыз. Өткен дүйсенбі күні Қарағанды облысында ірі жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 6 адам қазаға ұшырады. Араларында 2 жасар сәби де бар. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қайғылы оқиға 2 наурыз күні кешке Қарағанды – Балқаш трассасының бойында орын алған. Жол бойымен келе жатқан автобус Ақшатау кентінен 15 шақырым жерде «КамАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты.
Кейін анықталғандай, автобус Балқашқа бара жатқан. Алдын ала алынған ақпар бойынша, оның жүргізушісі қарсы жолға шығып кеткен. Нәтижесінде жүк машинасының жүргізушісі және оның жанындағы адам, жолаушылар автобусында отырған бір ер, бір ер кісі және екі жасар бала болып оқиға орнында жантәсілім еткен. Ал автобустың жүргізушісі ауруханаға апарылған жерінде үзілген. Бұлардан басқа, тағы 9 адам әртүрлі дәрежелі жарақат алған. Олардың төртеуі Балқаштың, төртеу Ақсу-Аюлының ауруханаларына жеткізілген. Ал бір жолаушы өте ауыр халде Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды. Жалпы, автобуста 15 адам отырған.
«Болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің «Соңыабайсыздықтан екі немесе одан да көп адамның өліміне апарған жол қозғалысын бұзу» деп аталатын 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тексеру жүріп жатыр», - деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Батырхан Смайылов.
Айқын Несіпбай,
Дерек: Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Фото: Новый вестник.